Балағат сөз айтып, аяғын сүрткізген: Алматыда даяшыны қорлаған бойжеткен жазаланды

Алматыдағы дәмханалардың бірінде даяшыға балағат сөз айтып, аяғын сүрткізген қыз әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Бұл туралы қалалық полиция департаменті хабарлап отыр.

Полицейлер қоғамдық тәртіпті бұзған бойжеткеннің жеке басын анықтап, оны ұсақ бұзақылық бабы бойынша жауапқа тартты. Құқық бұзушы Атырау қаласында ұсталған. Ол түсініктеме беру кезінде кінәсін мойындап, жасаған әрекетіне өкінетінін жеткізді.

9d2d1d5a2aa4b48240e0f11f4e0da25b Балағат сөз айтып, аяғын сүрткізген: Алматыда даяшыны қорлаған бойжеткен жазаланды
Видео скрині

Қоғамдық орындарда мәдениетті мінез-құлық сақтау – «Заң және Тәртіп» қағидатының негізі. Айналаға және заңға құрметсіздік көрсетуге жол берілмейді, – делінген хабарламада.