Не болды?
Елдегі шамамен 2,2 миллион жұмыс орнына автоматтандыру қауіпі төніп тұр. Алайда қызметкерлер жаппай жұмыстан шығарылмайды. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлап отыр.
Мәлімет
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Анафин мәжілісте автоматтандыру мен жасанды интеллектінің Қазақстандағы еңбек нарығына ықпалы туралы 423 кәсіби топты қамтитын зерттеу нәтижесн таныстырды.
Зерттеу қрытындысы
Олжас Анафиннің айтуынша, шамамен еліміздегі жұмыс орнының 25%-ы немесе 2,2 млн позиция автоматтандыруға қолайлы аймақта тұр.
Олардың бір миллионнан астамы генеративті жасанды интеллект арқылы алмастырылуы мүмкін. Әсіресе еліміздің ірі қалалары — Алматы, Астана және Шымкенттегі жұмыс орындарының үштен бірі қауіпті аймақта тұр. Алайда Қазақстанда еңбек құны салыстырмалы түрде төмен. Сондықтан автоматтандыру компаниялар үшін экономикалық тұрғыдан тиімді болса ғана біртіндеп жүзеге асады, – деді вице-министр.
Контекст
Естеріңізге салайық, осыған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев жасанды интеллект министрлігін құруды ұсынған еді.
