Экологиядан бастап үй жануарларын қорғауға дейін: Mars компаниясының Қазақстандағы бастамалары

Mars, Incorporated компаниясы жыл сайынғы «Ұрпақтан ұрпаққа тұрақтылық» деген есебін ұсынып, ұзақмерзімді экологиялық және әлеуметтік мақсаттарға жетудегі жүйелі ілгерілеуін айқындады.

Мәлімет бойынша, 2024 жылы Mars 2015 жылмен салыстырғанда парниктік газдар шығарындысын 16,4% қысқартты, тұрақты су пайдалану деңгейіне дейінгі алшақтықты 36% азайтты және қайта өңделетін әрі көп рет пайдаланылатын қаптаманың үлесін 64%-ға дейін ұлғайтты. Сонымен бірге компанияның бизнесі 69% өсті. Бұл экологиялық жауапкершілік пен экономикалық өсімнің бүгінгі таңда бірін-бірі толықтыратын факторлар екенін айқын көрсетеді.

Мұндай нәтижеге жаңартылатын энергия көздеріне көшу, ормандардың кесілуін болдырмау, «ақылды» ауыл шаруашылығы технологияларын енгізу, логистиканы дамыту және қаптаманы қайта өңдеу арқылы қол жетті. Прогресті жеделдету үшін Mars сүт өндірісіндегі шығарындыны азайтуға, регенеративті ауыл шаруашылығын дамытуға және жаңартылатын энергетикаға көшуге бағытталған жобаларға 3 млрд АҚШ долларын инвестициялап жатыр.

Mars 2050 жылға қарай бүкіл жеткізу тізбегі бойынша көміртектік бейтараптыққа қол жеткізуді стратегиялық мақсат деп қойып, аралық міндет ретінде 2030 жылға дейін шығарындыны 50% қысқартуды жоспарлап отырғаны мәлім.

0cf3c99939f2f1d51fb154259686f9b6 Экологиядан бастап үй жануарларын қорғауға дейін: Mars компаниясының Қазақстандағы бастамалары
Фото: Mars, Incorporated компаниясы

Mars жаһандағы жетістіктермен қатар жергілікті бастамаларға да басымдық береді. Қазақстанда компания қоғам өміріне тікелей әрі өлшенетін әсер ететін жобаларға назар аударып келеді. Солардың ішінде негізгі бағыттардың бірі — «Дара» қорымен серіктестік. Бұл ынтымақтастықтың арқасында ерекше қажеттігі бар ондаған бала білім беру ортасына бейімделіп, шығармашылық іс-шараларға қатысу мүмкіндігіне ие болды. Мұның бәрі инклюзивті әрі тұрақты әлеуметтік ортаны қалыптастыруға ықпал етеді.

Компанияның тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асыруда корпоративтік волонтер болу айрықша рөл атқарады. Mars Volunteer Program бағдарламасы қызметкерлерге жылына 16 сағатқа дейін ақылы уақыт ұсынып, оларды әлеуметтік және экологиялық жобаларға қатысуға ынталандырады. Қазақстанда бұл бастама білім беру бағдарламаларын қолдау, экологиялық іс-шаралар мен жануарлар панасына жәрдемдесу арқылы жүзеге асып жатыр.

Ал жаһандық деңгейде Mars қызметкерлері волонтерлыққа бір миллионнан астам сағат арнады әрі компания бұл көрсеткішті болашақта едәуір ұлғайтуды жоспарлап отыр. Қазақстандағы Mars қызметкерлері жыл сайын әлеуметтік және экологиялық бастамаларға қатысады: таулы аймақтарды тазалау, ағаш отырғызу, қайта өңдеу кәсіпорындары мен балаларға арналған оңалту орталықтарына бару, үй жануарлары паналарына көмек беру — соның айғағы.

Mars үшін тұрақты даму қағидаттарының әрбір елде нақты жүзеге асуы аса маңызды. Қазақстанда біз білім беру бастамаларынан бастап, жануарларды қорғау мен экологиялық ортаны жақсартуға дейінгі жобаларды іске асырамыз. Біздің мақсатымыз — әрбір әрекетіміз компания құндылықтарын ғана емес, елдің тұрақты дамуына қосқан нақты үлесті де айқын көрсетсе дейміз, — деді Mars компаниясының Орталық Еуразиядағы бас менеджері Арман Сүтбаев.

f5906ee2eecd7262ebc69c31e0d5403a Экологиядан бастап үй жануарларын қорғауға дейін: Mars компаниясының Қазақстандағы бастамалары
Фото: Mars, Incorporated компаниясы

Mars әлеуметтік жобалардан бөлек, экологиялық экономиканы дамыту бағытын белсенді ілгерілетіп жатыр. Тұрақтылықты іс жүзінде көрсететін айқын мысалдардың бірі – апсайклинг жобалары. Қазақстанда қайта өңделген сауда жабдықтары мен жарнамалық құрылымдар «екінші өмірге» ие болып, олардың негізінде жануарлар үшін баспаналар мен ойыншықтар жасалады, барлық қауіпсіздік талабы сақталады. Осылай, материалдар қалдыққа айналмай, жануарлар ұсталатын жағдайды жақсартуға көмектеседі.

Бұл бастама үй жануарларын қолдаудың кең ауқымды бағдарламасымен табиғи түрде ұштасады: Mars тұрақты түрде пана орындарына барып, WHISKAS®, PEDIGREE®, CHAPPI®, KITEKAT® брендтерінің өнімін жеткізеді әрі үй жануарлары үшін ыңғайлы әрі қауіпсіз қала жасауға бағытталған жобаларға қатысады.

Mars компаниясы тұрақты дамуды өзінің жаһандық стратегиясының құрамдас бөлігі әрі бизнесті жүргізудің негізгі қағидаты ретінде қарастырады. Инклюзия, экологиялық экономика және жануарларды қорғау саласындағы бастамаларды жүзеге асыра отырып, компания жаһандық тұрақты даму мақсаттарына үлес қосып, жергілікті іс-әрекеттердің жалпы прогресс үшін стратегиялық маңызды екенін көрсетеді.