Қазақстанның 2 қаласында экология күрт нашарлайды

Қазақстанның екі қаласында 18 қыркүйек күні ауа сапасы күрт нашарлайды. Осыған байланысты тұрғындарға ескерту жасалды.

Бұл туралы «Қазгидромет» хабарлап отыр.

Синоптиктердің мәліметінше, атмосферада ластаушы заттардың жоғары деңгейде шоғырлануы күтіледі. Бұл құбылыс белгілі бір ауа райы факторларының ықпалымен зиянды қоспалардың жерге жақын қабатта шоғырланып қалып, таралмауына байланысты болады.

2025 жылғы 18 қыркүйекте қолайсыз метеожағдайлар Ақтөбе қаласында, түнде Атырауда күтіледі, – делінген хабарламада.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да