Backstreet Boys Алматыға келді. Қонақтарды қалай күтіп алдық?

Не болды?

Атақты Backstreet Boys поп-тобы 17 қыркүйекте түнде Алматыға ұшып келді. Топты тыңдармандар күтіп алды.

Мәлімет

Видеода қазақ тыңдармандар қонақтарға бірден тақия кигізіп, Қазақстан шоколатын сыйлағанын көре аламыз.

Контекст

Естеріңізге сала кетейік, 19 қыркүйек Алматыдағы Орталық стадионда Backstreet Boys тобының концерті өтеді. Шоу сағат 20:00-де басталады. Алайда ұйымдастырушылардың айтуынша, көрерменге есік сағат 15:00-де ашылады.

Ақпарат

Backstreet Boys — 1993 жылғы 20 сәуірде Орландо қаласында құрылған америкалық музыкалық топ.