Не болды?
18 қыркүйекте түнде Астананың орталығында, Достық көшесі 12/1 мекенжайында орналасқан KaRima дәмханасынан өрт шықты. Бұл туралы қала әкімдігі хабарлап отыр.
Мәлімет
Өрт сегіз қабатты тұрғын үйге тараған. Әкімдіктің мәліметінше, сегіз пәтердің тұрғындары қонақүйге орналастырылады. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.
Зардап шеккен пәтерлерді жөндеу және ғимараттың қасбетін қалпына келтіру жұмыстары бір тәулік ішінде басталады. Жұмысты KaRima дәмханасы иесі қаржыландырады және әкімдік қолдауымен жүзеге асады. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
ТЖМ мәліметінше, өртті сөндіру қиын болған. Өрт сөндірушілер келген сәтте:
- жалынның өршіп кеткені;
- ғимарат құрылысының ерекшеліктері;
- өрт аумағы тым үлкен болғаны;
- қатты түтіндеу жұмысты қиындатқан.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Астанада 24 жастағы жігіт министрліктер үйіне өрт қойғаны туралы жазған едік.
