Алматыда 17 қыркүйек сағат 10:30-дан 23 қыркүйекке дейін Төле би көшесінде Абылай хан даңғылынан Панфилов көшесіне дейінгі аралықта көлік қозғалысына шектеу қойылады.
Бұл туралы қала әкімінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.
Уақытша шектеулерді ескеріп, мерекелік іс-шараларға дайындықпен байланысты қолайсыздыққа түсіністікпен қарауды сұраймыз. Сонымен бірге жүру бағытты алдын ала жоспарлап, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды ұсынамыз, – делінген хабарламада.
Сонымен қатар келесі бағыттардың қозғалыс сызбасы уақытша өзгереді:
- №16 – Шығыс бағытта: Төле би – Абылай хан – Гоголь – әрі қарай соңғы аялдамаға дейін;
- №16 – Батыс бағытта: Гоголь – Абылай хан – Төле би – әрі қарай бағдар бойынша;
- №37 – Шығыс бағытта: Төле би – Абылай хан – Қабанбай батыр – Назарбаев – Төле би – әрі қарай бағдар бойынша;
- №37 – Батыс бағытта: Төле би – Назарбаев – Бөгенбай батыр – Абылай хан – Төле би – әрі қарай бағдар бойынша;
- №48 – Шығыс бағытта: Төле би – Абылай хан – Қабанбай батыр – Назарбаев – Төле би – әрі қарай бағдар бойынша;
- №48 – Батыс бағытта: Төле би – Назарбаев – Бөгенбай батыр – Абылай хан – Төле би – әрі қарай бағдар бойынша;
- №126 – Шығыс бағытта: Төле би – Абылай хан – Гоголь – Қалдаяқов – әрі қарай бағдар бойынша;
- №126 – Батыс бағытта: Қайырбеков – Гоголь – Абылай хан – Төле би – әрі қарай бағдар бойынша;
- №201 – Шығыс бағытта: Төле би – Абылай хан – Қабанбай батыр – Назарбаев – Төле би – әрі қарай бағдар бойынша;
- №201 – Батыс бағытта: Төле би – Назарбаев – Бөгенбай батыр – Абылай хан – Төле би – әрі қарай бағдар бойынша;
- №205 – Шығыс бағытта: Желтоқсан – Гоголь – Назарбаев – Төле би – әрі қарай бағдар бойынша;
- №205 – Батыс бағытта: Төле би – Назарбаев – Гоголь – Наурызбай батыр – әрі қарай бағдар бойынша;
- №206 – Шығыс бағытта: Төле би – Абылай хан – Қабанбай батыр – Назарбаев – Төле би – әрі қарай бағдар бойынша;
- №206 – Батыс бағытта: Төле би – Назарбаев – Бөгенбай батыр – Абылай хан – Төле би – әрі қарай бағдар бойынша;
- №209 – Шығыс бағытта: Төле би – Абылай хан – Қабанбай батыр – Назарбаев – Төле би – әрі қарай бағдар бойынша;
- №209 – Батыс бағытта: Төле би – Назарбаев – Бөгенбай батыр – Абылай хан – Төле би – әрі қарай бағдар бойынша;
- №210 – Шығыс бағытта: Төле би – Абылай хан – Қабанбай батыр – Назарбаев – Төле би – әрі қарай бағдар бойынша;
- №210 – Батыс бағытта: Төле би – Назарбаев – Бөгенбай батыр – Абылай хан – Төле би – әрі қарай бағдар бойынша;
- №224 – Шығыс бағытта: Төле би – Абылай хан – Қабанбай батыр – Назарбаев – Төле би – әрі қарай бағдар бойынша;
- №224 – Батыс бағытта: Төле би – Назарбаев – Бөгенбай батыр – Абылай хан – Төле би – әрі қарай бағдар бойынша.
Еске салайық, 20-21 қыркүйекте Алматыда Қала күні тойланады.
