Не болды?
Әлеуметтік желіде Алматының Әуезов ауданындағы Аманжол көшесінде жол шұңқырланып, 13 автокөлік зақымданғаны туралы ақпарат тарады.
Мәлімет
Алматыдағы Аманжол көшесі бұл учаскеге ауызсу және кәріз инженерлік желілерін жүргізу үшін қазылған. Мердігер – «Спецстрой Групп ЛТД» ЖШС. Алайда асфальттың бетон жабынын қалпына келтіру кейінге қалған. Өйткені QazaqGaz АҚ диаметрі 300 мм болатын газ құбырын жүргізу үшін жабын жабуды кейінге қалдыруға тапсырма берген.
Ал 16 қыркүйекте қалада жауын болып, Аманжол көшесі шұңқырланып кеткен. 13 автокөлік зақымданды. Мердігер зақымданған автокөліктер иесінің шығын толық өтеп береді.
Жол төсемін қайта қазудан және тұрғындарға қолайсыздық туғызудан сақтану үшін газ құбыры төселгеннен кейін қалпына келтіру жұмысы жасалуға тиіс еді. Алайда ауданның жауын суы қолданыстағы арық жүйесі арқылы осы көшеге жиналып, жол төсеміне түсетін салмақты арттырған. Бұған қоса, инженерлік желілерді алты метрге дейінгі тереңдікте жүргізу топырақ негізін жұмсартып жіберген, – деді Алматы әкімінің коммуникация және БАҚ-пен жұмыс бойынша кеңесшісі Ильзат Ақчурин.
Оның айтуынша, осы жағдайлар мен нөсерден жол жабыны шөгіп, жабыны бүлінген.
Қазіргі жағдай
Қазір Аманжол көшесі жабық тұр. Бүгін, 17 қыркүйекте автокөліктер эвакуацияланады, топырақ шығарылып, балластпен қайта көміледі.
Манас пен Жандосов көшелерінің қиылысы
Алматыдағы жаңбырдан кейін Манас пен Жандосов көшелерінің қиылысындағы арық жүйесі су астында қалған. Қала тұрғындары қиылыста жиналып, қауіп туралы ескертіп тұр: өтіп бара жатқан бір адам суға құлап кеткен, тағы біреу телефонын түсіріп алған.
Бұл жерге «Алматы тазалық» МКК бригадасы жіберілді. Қазір арық тазартылып, су сорылып жатыр. Арықтың тұрақты жұмысын қамтамасыз ету үшін асфальт жабынын ашу жоспарланған. Жұмыс 17 қыркүйекте аяқталады.
Контекст
16 қыркүйекте Алматыда нөсер жаңбыр жауды. Қалада көшелер суға толып, ірі кептеліс болды: қозғалыс жүктемесі 10 балға дейін жетіп, негізгі бағыттардың бәрін қамтыды. Сонымен бірге такси бағасы өсті – тұрғындар жолақы екі есе қымбаттағанына шағымданып жатыр.
