«Титаник» саундтрегінің продюсері Түркістанға барды

Не болды?

Атақты америкалық композитор әрі продюсер, екі мәрте «Грэмми» сыйлығының лауреаты Уолтер Афанасьефф алғаш рет Қазақстанға келді. Ол Димаш Құдайберген ұйымдастырған халықаралық байқаудың қазылар алқасы құрамында бар.

Мәлімет

Түркістан халықаралық музыкалық шоу Voice Beyond Horizon-ның алғашқы түсірілім алаңы болды.

Байқау қатысушыларының кәсіби деңгейін арнайы шақырылған халықаралық сарапшылар бағалайды. Қазылар алқасы мүшелерінің бірі — «Титаник» фильміне саундтрек болған аты аңызға айналған My Heart Will Go On хитінің продюсері Уолтер Афанасьефф.

Қазақстанға келуді ұзақ уақыт армандадым. Алғаш рет келгенім — осы. Халқы, тағамы, климаты, табиғаты – бәрі мені тәнті етіп, жанымды тербеді. Шын мәнінде, бұл — мен барған ең керемет қалалардың бірі, – дейді Уолтер Афанасьефф.

Voice Beyond Horizon Маңғыстау, Алматы, Ақмола облыстары мен Алматы, Астана қалаларында түсіріледі. Шоудың соңғы кезеңі Астанада өтеді.

Анықтама

Voice Beyond Horizon — Димаш Құдайберген мен Hunan Broadcasting System бірлесіп Түркістан қаласында ұйымдастырған халықаралық жоба. Музыкалық шоуды Mango TV платформасынан күніне 210 млн адам көреді.

Жобада Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Сербия, Италия және Малайзия елдерінен келген әншілер өнер көрсетіп жатыр.