19 қыркүйекте сатылымға шығатын iPhone 17 (256 Гб) Қазақстанда шамамен 483 мың теңге тұрады.
Finprom зерттеуі бойынша, ел тұрғындары смартфонды сатып алу үшін орта есеппен 37 жұмыс күнін жұмсауға тиіс. Бұл — Қазақстанды «алма индексі» бойынша әлемдік рейтиңде 82-орынға орналастырды.
Егер ресми орташа жалақы (448,6 мың теңге) негізге алынса, iPhone сатып алу үшін 24 күн жеткілікті. Ал ең жиі кездесетін жалақы (97,6 мың теңге) иелері үшін смартфон құны бес айлық табысқа тең.
Салалар бойынша айырмашылық:
- Қаржы саласындағыларға — 11 күн.
- Мұнайшыларға — 12 күн.
- IT-мамандарына — 13 күн.
- Ал ауыл шаруашылығы мен коммуналдық қызметкерлеріне бір айдан астам уақыт қажет.
Өңірлерде жағдай да түрліше:
- Маңғыстау мен Атырау — 17-18 күн.
- Астана — 18 күн.
- Солтүстік Қазақстан облысы — кемінде 32 күн.
Әлемдік рейтиңде көшбасшылар — Швейцария, Люксембург және Исландия. Бұл елдерде тұрғындар жаңа iPhone үшін небәрі үш-төрт күн ғана жұмыс істейді. Ал Кубадағы жағдай ең қиыны — ондағы тұрғындар құрылғыны сатып алу үшін 1,5 жылдан аса еңбек етуге тиіс.
