iPhone қазақстандықтарға жер сілкінісі туралы неге ескертпеді?

Қырғызстан премьер-министрінің бірінші орынбасары Әділбек Қасымалиев Digital Almaty форумында Apple смартфондарын қолданушы тұрғындар жер сілкінісі туралы хабарламаны не себепті ертерек алмағанын түсіндірді. Бұл туралы El.kz порталы жазды.

Бір қызығы, Android смартфондарына жер сілкінісі туралы хабарлама жер сілкінісінен 1 минут бұрын келген. Қайғылы жағдай басқа елдердегідей қайталанбағанына Құдайға шүкір. Хабарландыру iPhone-ға неге келмеді? Біз анықтап көрдік. Apple компаниясы біздің елдерді апат туралы ескерту қызметі қолжетімді елдер тізіміне қоспағаны белгілі болды. Қарапайым функция болып көрінгенімен, адамдардың өмірін сақтап қалуы мүмкін, – деді Қырғызстан премьер-министрінің бірінші орынбасары.