Тараз қаласының тұрғыны туған анасын зорлады деген күдікке ілінді. Бұл туралы қалалық ПД хабарлап отыр.
Күдіктінің жасы 22-де. Қылмыс жасағанда алкогольдік ішімдік ішпеген, сап-сау болған. Еш жерде есепте тұрмайды.
Тараз қаласының полиция басқармасы осы факті бойынша қылмыстық кодекстің 120-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.
Жүргізілген жедел іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полицейлер 22 жастағы күдіктіні анықтап, ұстады. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды, — делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр.
