АҚШ-та босқын қыздың өлімі: қаскөй өлім жазасына кесілуі мүмкін

АҚШ-та украиналық босқынды өлтірген қаскөй өлім жазасына кесілуі мүмкін. Бұл туралы New York Post хабарлап отыр.

Солтүстік Каролинадағы Шарлотта қаласында пойыз ішінде украиналық босқын қызды өлтіру қылмысы АҚШ-та үлкен резонанс тудырды.

Полицияның мәліметінше, 23 жастағы Ирина Заруцкаяны Декарлос Браун бірнеше рет пышақтап, оқиға орнында қаза болған. Таралған бейнежазбада ер адамның жәбірленушіге шабуыл жасаған сәті көрінеді.

Айыпталушыға федералдық деңгейде қоғамдық көлікте адам өліміне себеп болды деген, ал штат заңы бойынша бірінші дәрежелі кісі өлтіру бабы бойынша айып тағылды.

АҚШ президенті Дональд Трамп бұл оқиғаға қатысты пікір айтып, қылмыскерге ең ауыр жаза қолдануды талап етті.

Ол тез арада сотталып, тек өлім жазасына кесілуі керек, – деді ол Truth Social желісінде.

Декарлос Браун 2007 жылдан бері тонау, шабуыл және қаруды заңсыз сақтағаны үшін 14 рет қамауға алынған. Оның анасы ұлы шизофрениямен ауыратынын айтып, бостандықта жүруіне жол берілмеуі керек екенін жеткізді. Бұл қылмыс АҚШ-тағы босқындар қауіпсіздігі мен қоғамдық көліктегі қауіпсіздік шараларын күшейту туралы талқылауды күшейтті.