Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Телефон алаяқтары қандай сөздермен алдайды? ІІМ түсіндірді

Иллюстрация: Бекзат Исамбергенов/Baribar.kz
Қазақстан ішкі істер министрлігі телефон арқылы жасалатын алаяқтық әрекеттерде қылмыскерлер жиі пайдаланатын сөздер мен тәсілдерді атады.

Алаяқтар көбінесе азаматтарды шұғыл әрекетке итермелеп, «қаражатыңызды қорғау үшін басқа шотқа аударыңыз», «бұл құпия операция, ешкімге айтпаңыз», «сізбен ІІМ немесе ҰҚК қызметкері сөйлесіп тұр» деген сияқты фразаларды қолданады. Сонымен қатар «туысыңыз жол апатына түсті», «сыйақы ұтып алдыңыз», «SMS кодын айтып жіберіңіз» деген әдістер де кең таралған.

Министрліктің мәліметінше, осылайша қылмыскерлер азаматтарды өз қолымен ақшасын «қорғалған шотқа» аударуға немесе мобайл қолданбаларына қол жеткізуге сендіреді. Кей жағдайларда олар TeamViewer, AnyDesk секілді қашықтан қол жеткізу бағдарламаларын орнатуға да мәжбүрлейді.

ІІМ тұрғындарға ешқашан SMS кодтарын, CVV және PIN-кодтарын, картаның толық деректерін үшінші тұлғаларға хабарламауды ескертеді. Шынайы полиция, банк немесе байланыс операторлары телефон арқылы ақша не құпия код сұрамайды.