2025 жылғы тамызда жаңа тұрғын үйлердің бағасы былтырғы кезеңмен салыстырғанда 11,3%-ға, ал қолданыстағы пәтерлерді қайта сату құны 8,8%-ға өсті.
Бұл туралы ұлттық статистика бюросы хабарлап отыр.
Сонымен қатар абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі 8,5%-ға артқан. Өңірлер бойынша ең жоғары өсім:
- жаңа үйлерде – Павлодар (25,8%), Қызылорда және Алматы (15,3%), Шымкент (14,8%);
- қолданыстағы пәтерлер нарығында – Ақтөбе (20,2%), Павлодар (17,8%), Алматы (16,6%);
- жалға алу ақысы – Ақтөбе (43,5%), Көкшетау (21%), Жезқазған (20,2%).
Тамыз айында тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша 41 380 мәміле жасалды. Оның ішінде көппәтерлі үйлердегі пәтерлер бойынша 32 853, жеке үйлер бойынша 8 527 мәміле тіркелген.
Аймақтар ішінде ең көп мәміле Астанада (9 457), Алматыда (8 402) және Қарағанды облысында (2 923) жасалды. Ең төмен көрсеткіш Ұлытау облысында – бар болғаны 283 мәміле.
