Ayree байқауға кастинг арқылы өткен. Оған елімізден 30-ға жуық әнші қатысыпты.
«Осы байқауға кастинг арқылы өттім. Кастингта көптеген керемет, жас, талантты қатысушылар болды«,-дейді Ayree.
Әнші байқаудың үш кезеңіне үш түрлі ән дайындауы керек. Әзірге нақты қандай әндерді айтатыны белгісіз.
Биылғы «Славян базары» 11-19 шілде аралығында Беларусьтағы Витибск қаласында өтеді.
Ayree-дің шын есімі — Әйгерім Рақышева. Ол кәсіби музыканттар Сымбат пен Әлия Рақышевтардың отбасында өмірге келген. Қазіргі таңда әншінің жеке ресми сайты бар. Барлық әндері мен бейнебаяндарын сол жерден тамашалауға болады.
