«Славян базарына» баратын әнші белгілі болды

Ayree байқауға кастинг арқылы өткен. Оған елімізден 30-ға жуық әнші қатысыпты.

«Осы байқауға кастинг арқылы өттім. Кастингта көптеген керемет, жас, талантты қатысушылар болды«,-дейді Ayree.

Әнші байқаудың үш кезеңіне үш түрлі ән дайындауы керек. Әзірге нақты қандай әндерді айтатыны белгісіз.

Биылғы «Славян базары» 11-19 шілде аралығында Беларусьтағы Витибск қаласында өтеді.

Ayree-дің шын есімі — Әйгерім Рақышева. Ол кәсіби музыканттар Сымбат пен Әлия Рақышевтардың отбасында өмірге келген. Қазіргі таңда әншінің жеке ресми сайты бар. Барлық әндері мен бейнебаяндарын сол жерден тамашалауға болады.

Айта кетейік, 2015 жылы осы «Славян базары» байқауында отандасымыз Димаш Құдайберген бас жүлдені жеңіп алған еді.
ДереккөзGakku.kz