Астана көшелерінде телефонды тегін қуаттайтын құрылғы пайда болды

Бұл туралы Сарыарқа ауданы әкімдігі Facebook парақшасында жазды. Әкімдіктің хабарлауынша, «Астана» концерттік залы алаңына ұялы телефондарды қуаттауға арналған автономды бағандар мен орындықтар орнатылды. Бұл бастама Астана тұрғындары мен қонақтарына ыңғайлы болу үшін жасалды. Құрылғы арнайы батареялардың көмегімен күн энергиясын жинақтап электр қуатын өндіріп шығарады.

«Барлық тұрғындарды заманауи технологияның қолайлылығы мен тиімділігін, сондай-ақ визуалды әдемілігін сынап көруге шақырамыз», — деп жазады қалалық билік өкілдері.

Айта кетейік, астаналықтар гаджеттерін тегін қуаттай алады.

ДереккөзSputniknews

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да