«Таза Қазақстан»: Түркістан қаласында өткен сенбілікке 700-ге жуық адам қатысты

Облыс орталығындағы әуежайға баратын жол, Шымкент тас жолы, айналма тас жолдарының бойындағы қаулаған шөптер шабылып, күл-қоқыстан тазаланды. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

«Таза Қазақстан» эко-акциясы аясында ұйымдастырылған шараға 6 сектор мамандары, қала тұрғындары, белсенді азаматтар мен қала еріктілері қосылды.

5 аумаққа бөлініп жиналған қоқысты тасымалдауға коммуналдық мекеме қызметкерлері мен 13 техника жұмылдырылды. Тазалық жұмыстарына 700-ге жуық адам қатысты.

Тазалық акциясының мақсаты – қоршаған ортаны таза ұстап, экологиялық мәдениет қалыптастырып, отаншылдыққа тәрбиелеу.