Орталық референдум комиссиясы АЭС бойынша республикалық референдумды өткізу тәртібін жариялады.
Орталық референдум комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петровтың айтуынша, қазіргі кезде дауыс берушілердің тізімін жасау жұмысы басталып кетті.
Ал 26 қыркүйекке дейін халыққа дауыс беру орындары мен уақыты туралы хабар берілуі шарт. 1 шілдеде 12 179 968 адам дауыс беруге құқылы болған. Бұл тізім әлі де жаңартылады. Референдум бюллетеньдері дауыс берушілердің санынан 1%-ке артық басылады.
Бюллетеньдер үш күн бұрын, ары кетсе, бір күн бұрын жергілікті комиссияларға жеткізіледі, — деді Константин Петров комиссияның бүгінгі отырысында.
Оның айтуынша, 6 қазанда халық өз таңдауын жасаса, орталық референдум комиссиясы 12 қазанға дейін референдумның нәтижесін жариялайды.
