Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 479-483 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Ұлттық банктің 28 тамызға арналған ресми бағамы – 1 долларға 480,59 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны – 5,26 теңге. Еуро – 536,58
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 479,5 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 481,7 теңге. Еуро 535–539,5 теңге аралығында құбылып тұр.
Ал Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы – 479 теңге, сатып алу құны – 483 теңге. Еуро 534 теңгеден сатылып, 539 теңгеден сатып алынады.
