Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 480-484 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Ұлттық банктің 27 тамызға арналған ресми бағамы — 1 долларға 483,65 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,27 теңге. Еуро — 540,29
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 481,5 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 483,9 теңге. Еуро 537 — 541,5 теңге аралығында құбылып тұр.
Ал Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 480 теңге, сатып алу құны — 484 теңге. Еуро 536 теңгеден сатылып, 541 теңгеден сатып алынады.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,17-5,27 аралығында саудаланып жатыр.
