Алматыда жерүсті және жерасты өткелдері жаңа стандарт бойынша жөнделеді

Алматыдағы жерүсті және жерасты жаяу жүргіншілер өткелдері жаңа стандарт бойынша жөнделеді. Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев Әуезов ауданы тұрғындарының сұрақтарына жауап беру кезінде айтты.

«Бізде бүкіл қалада көпірлерде көтергіштер бар. Оларды күтіп ұстауға және пайдалануға ақша бөлінеді, бірақ олар әрдайым жұмыс істей бермейді. Кілт мәселесі де бар. Қашан тәртіп орнатылады?», деді қала тұрғыны.

Аудан тұрғынының сұрағына жауап бере отырып, қала әкімі тең қолжетімділік пен тең мүмкіндікті ұсынуға қатысты мәселе ерекше бақылауда екенін атап өтті.

Мен арнайы комиссия құрдым, оны өзім басқарамын. Қала құрылысы кеңесіне қатысты мәселені инклюзивті қоғамға енгіздім. Құрылыс ережесінде біз қазір осындай өкілетке ие болдық. Мемлекет басшысы Алматының ерекше мәртебесі туралы заңға өзгерістер мен толықтыруларға қол қойды, онда нысандарды қабылдау, талаптар бойынша мәселелер көзделеді. Алматы қаласының дизайн-кодында біз қажет заттарды бекіттік, — деді Ерболат Досаев.

Тек Әуезов ауданында жыл соңына дейін бес жерүсті өткелі жаңа стандарт бойынша қайта жаңартылады.

Мегаполис басшысының айтуынша, лифт кілтінің орнына азаматтардың, оның ішінде қарттар мен ерекше қажеттігі бар азаматтардың жеңілдетілген санатын ескеретін «Онай» карточкаларын пайдалану мүмкіндігі қарастырылып жатыр.

Өкінішке қарай, кейбір қала тұрғындарының мәдениеті төмен, бұл өткелде лифтті пайдалануға қатысты. Сондықтан, біз оған шынымен мұқтаж жандардың мүддесі үшін шектеулер енгізуге мәжбүрміз, — деді Алматы әкімі.

Әкімдіктің мәліметінше, аудандағы лифттер осы жылдың соңына дейін жөнделеді.