Доллар 464-469 теңгеден саудаланып жатыр

Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 464-469 теңгеден саудаланып жатыр.

Ұлттық банктің 26 маусым ресми бағамы – 1 долларға 467,29 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған бағамы – 5,35 теңге.

Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 464–469 теңгеден сатылып жатыр. Ал Алматыда доллар 466,3-468,9 теңге аралығында құбылып тұр.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,11-5,31 аралығында саудаланып жатыр.