Ақша айырбастау пунктерінде доллар қымбаттады

Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 462—467 теңгеден саудаланып жатыр.

Ұлттық банктің 25 маусымдағы ресми бағамы — 1 долларға 465,28 теңге.  Ресей рублінің орташа сараланған бағамы — 5,33 теңге.

Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 462—467 теңгеден сатылып жатыр.  Ал Алматыда доллар 464,7—467,3 теңге аралығында құбылып тұр.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,05—5,35 аралығында саудаланып жатыр.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да