Бүгін Атырауда ауа сапасы нашарлайды

2 мамырда республиканың басым бөлігінде қолайлы метеорологиялық жағдай сақталады. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК синоптиктері хабарлады.

Синоптиктердің мәліметінше, тек Атырау қаласында ауа сапасы біршама нашарлап, метеорологиялық жағдай жайсыз болады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да