ТЖД Алматы тұрғындарына ескерту жасады

Алматы қаласының төтенше жағдайлар департаменті қар көшкініне байланысты ескерту жасады.

Синоптиктер 21-23 наурыз аралығында қар көшкіні қаупі туралы дабылды ескерту жасады. Жылымықтың әсерінен қатты жауын-шашын түсуіне, сондай-ақ қар жамылғысының тұрақсыз жағдайына байланысты қар көшкіні болуы мүмкін екенін атап өтті, – делінген хабарламада.

Алматы тауларында қар көшкіні қаупінің сақталуына байланысты блокпосттар қойылған.