Бүгін үш қалада ауа сапасы нашарлайды

13 наурыз күні Қазақстан аумағының басым бөлігінде қолайлы метеорологиялық жағдай сақталады.

«Қазгидромет» РМК синоптиктерінің мәліметінше, 13 наурыз, сәрсенбі күні еліміздегі қалалардың басым көпшілігінде метеорологиялық ахуал бірқалыпты болады.

Тек Ақтөбе, Астана мен Петропавлда ғана ауа сапасы біршама нашарлайды.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.