Абай облысының құтқарушылары автожолдан 4 адамды құтқарды

Бүгін таңғы сағат 6.00-де 112 пультіне «Алматы-Өскемен» республикалық маңызы бар автожолында жеңіл автокөліктің бұзылғаны және адамдарды эвакуациялау қажеттігі туралы хабарлама түсті.

Шақыру орнына келгеннен кейін жедел-құтқару жасағының қызметкерлері ақаулы жеңіл автокөліктен төрт адамды құтқарып, Қалбатау ауылына жеткізді, — делінген ТЖМ хабарламасында.

Медициналық көмек қажет болмады.