Доллар мен рубльдің 23 ақпанға арналған бағамы белгіленді

Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 450–455 теңгеден саудаланып жатыр.

Ұлттық банктің 23 ақпандағы ресми бағамы – 1 долларға 450,47 теңге.

Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 4,84 теңге болды.

Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 451–455 теңгеден сатылып жатыр. Ал, Алматыда доллар 450,9–453,1 теңге аралығында құбылып тұр.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасын 4,77–4,86 аралығында саудаланып жатыр.