Доллар 447–451 теңгеден саудаланып жатыр

Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 447–451 теңгеден саудаланып жатыр.

Ұлттық банктің 14 ақпандағы ресми бағамы – 1 долларға 447,99 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 4,91 теңге болды.

Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 447,5–451,5 теңгеден сатылып жатыр. Ал, Алматыда доллар 448,5–451,1 теңге аралығында құбылып тұр.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 4,87–4,99 теңге аралығында саудаланып жатыр.