Боранда жолда қалып қойған 1 272 адам құтқарылды

Ауа райының нашарлауына байланысты 11 өңірде республикалық және облыстық маңызы бар жолдар жабылды. Сонымен қатар республикалық маңызы бар төрт учаскеде жүк және қоғамдық автокөлік үшін қозғалыс шектелген.

Бұл туралы төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.

Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының, Астана қаласының автожолдарында 1 272 адам құтқарылып, эвакуацияланды. Оның 75-і – бала.

Ақтөбе, Ақмола, Қостанай, Павлодар облыстары мен Ұлытау облысының уақытша орналастыру пунктеріне 1 107 адам орналастырылған.

Төтенше жағдайлар министрлігі мен оның аумақтық бөлімшелерінде республикалық және облыстық жедел штабтар жұмысын жалғастырып жатыр, «жедел желі» телефондары жұмыс істейді.

Ауа райы жағдайының өзгеруі және жолдардың жай-күйі туралы жедел ақпаратты «Дармен» мобайл қолданбасында, төтенше жағдайлар министрлігінің әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларынан көруге болады.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да