Алматының орталығында жарық сөніп қалды

Алматының Алмалы ауданында бірнеше үй мен ғимарат жарықсыз қалды. Бұл туралы «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, 9 ақпан күні сағат 12.20-да Алмалы ауданында орналасқан Гоголь-Амангелді-Абай-Байтұрсынов көшелерінде жарық сөніп қалды.

Апаттың себебі анықталып жатыр. Оқиға орнында арнайы бригада жұмыс істеп жатыр. Жарықты 2 сағат ішінде қалпына келтіру көзделіп отыр, — делінген хабарламада.