Елімізде 10-12 ақпанда ауа райы қандай болады?

«Қазгидромет» РМК синоптиктері Қазақстан бойынша 10-12 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады.

Синоптиктердің мәліметінше, апта аяғына қарай еліміздің басым бөлігінде аяз түсіп, жауын-шашын тоқтайды.

Скандинавиялық циклон біртіндеп республикадан тыс жерлерге жылжиды, бірақ Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынды ауа райы сақталады, бұрқасынмен бірге екпінді жел соғып, көктайғақ болады, содан кейін жауын-шашын қысқа мерзімге тоқтайды. Республиканың солтүстік жартысында температура фоны айтарлықтай төмендейді, түнде 20-28 градус аязға дейін, күндіз 15-20 градус аязға дейін төмендейді, — делінген хабарламада.

Иран облыстарынан Қазақстанның оңтүстік облыстарына циклон жетеді, жауын-шашын, негізінен жаңбыр, желдің күшеюі, тұман және көктайғақ түрінде болады деп күтіледі.