Доллар 449–453 теңгеден саудаланып жатыр

Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 449–453 теңгеден саудаланып жатыр.

Kurs.kz деректері бойынша, Алматыда валюта айырбастау орындарында 1 доллар 449,7–452,1 теңгеден сатылып жатыр. Ал Астанада доллар бағамы 449–453 теңге аралығында құбылып тұр.

Ұлттық банктің 9 ақпандағы ресми бағамы – 1 долларға 450,34 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 4,93 теңге болды.

Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 4,87–5,01 теңге аралығында саудаланып жатыр. Астанада көрші ел валютасы 4,89-4,96 теңгеден сатылып жатыр.