Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауады

6 ақпанда еліміздің басым бөлігіне солтүстік-батыс циклоны және онымен байланысты атмосфералық фронттар ықпал етеді.

Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлады.

Синоптиктердің мәліметінше, бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауады. Сонымен қатар республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді. Көктайғақ, бұрқасын болады.