Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 451–455 теңгеден саудаланып жатыр.
Kurs.kz деректері бойынша, Алматыда валюта айырбастау орындарында 1 доллар 451,1–453,7 теңгеден сатылып жатыр. Ал Астанада доллар бағамы 451–455 теңге аралығында құбылып тұр.
Ұлттық банктің 5 ақпандағы ресми бағамы – 1 долларға 451,24 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 4,98 теңге болды.
Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 4,93–5,07 теңге аралығында саудаланып жатыр. Астанада көрші ел валютасы 4,95-5 теңгеден сатылып жатыр.
