Қытайда 2 балдық алты жер сілкінісі тіркелді

ҚР ТЖМ «Сейсмологиялық байқау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 30 қаңтарда Қытай аумағында 2 балдық алты жер сілкінісін тіркеді.

Бұл туралы органның баспасөз қызметі хабарлады.

Қытай аумағында болған 2 балдық алты жер сілкінісінің біреуі Қазақстан аумағында 04.27-де сезілді. Эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 293 км жерде Қытай аумағында орналасқан.

Зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат болған жоқ.

ТЖМ мәліметінше, жағдай тұрақты. Мамандар азаматтарға сабыр сақтап, дүрбелеңге берілмеуге кеңес береді.