Доллар мен рубльдің бүгінгі бағамы қандай?

Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 451–455 теңгеден саудаланып жатыр.

Ұлттық банктің 17 қаңтардағы ресми бағамы – 1 долларға 451,25 теңге.

Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 5,15 теңге болды.

Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 452–455 теңгеден сатылып жатыр.

Ал, Алматыда доллар 451,7–454,3 теңге аралығында құбылып тұр.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасын 5,03–5,21 аралығында саудаланып жатыр.