Telegram-да жаңа функция пайда болды

Енді Telegram-да бір реттік дауыстық және бейне хабарламаларды жазуға болады. Бұл туралы Риа Новости сайты жазды.

Telegram қолданбасының қолданушыларына бірқатар мүмкіндіктерді жаңартты. Қосымшаны пайдаланушылар енді бір реттік дауыстық және бейне хабарламаларды жаза алады.

Сонымен қатар пайдаланушылар жазу кезінде бейне немесе аудио хабарламаларды кідіртуге, содан кейін оны жібермес бұрын жалғастыруға да мүмкіндік алды.

Желтоқсан айының басында Telegram қоңырауларға жаңа анимациялар мен түрлі-түсті фондар қосты, олар қолдпну барысында өзгереді: қоңырау кезінде, сөйлесу кезінде және аяқталғаннан кейін.