Доллар мен рубльдің 15 қаңтарға арналған бағамы белгіленді

Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 451–455 теңгеден саудаланып жатыр.

Ұлттық банктің 15 қаңтардағы ресми бағамы – 1 долларға 451,33теңге. Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 5,12 теңге болды.

Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 451–455 теңгеден сатылып жатыр. Ал, Алматыда доллар 451,7–454,3 теңге аралығында құбылып тұр.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасын 4,97–5,17 аралығында саудаланып жатыр.