Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 453–457 теңгеден саудаланып жатыр.
Ұлттық банктің 10 қаңтардағы ресми бағамы – 1 долларға 453,19 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 5,02 теңге болды.
Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 453-457 теңгеден сатылып жатыр. Ал, Алматыда доллар 454,5–457,5 теңге аралығында құбылып тұр.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 4,93–5,13 аралығында саудаланып жатыр.
