Ақша айырбастау орындарында доллар қаншадан саудаланып жатыр?

Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 453–458 теңгеден саудаланып жатыр.

Kurs.kz деректері бойынша, Алматыда валюта айырбастау орындарында 1 доллар 454,5–458 теңгеден сатылып жатыр. Ал, Астанада доллар бағамы 453,5–457,5 теңге аралығында құбылып тұр.

Ұлттық банктің 9 қаңтардағы ресми бағамы – 1 долларға 453,40 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 4,99 теңге болды.

Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 4,89–5,07 теңге аралығында саудаланып жатыр. Астанада көрші ел валютасы 4,87-5,02 теңгеден сатылып жатыр.