Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұрқасын байқалып, көктайғақ, түнде және таңертең тұман, жел 15-20 м/с болады.
Қарағанды облысында тұман, көктайғақ болып, түнде екпінді жел 15-20 м/с күшеюі мүмкін.
Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында тұман түсіп, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында, таңертең және күндіз Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының жекелеген аудандарында жел 15-20 м/с күшейеді.
Павлодар облысының кей жерлерінде тұман түсіп, жел 15-20 м/с болуы ықтимал.
Ақмола облысының кей аймақтарында көктайғақ, жел 15-20 м/с күшейеді.
Қызылорда, Атырау облыстарында жел 15-20 м/с болады.
Алматы, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, Ақтөбе облысының жекелеген аудандарында көктайғақ болады.
