5 қаңтар күні кешке Аягөз аудандық полиция бөліміне 42 жастағы жергілікті тұрғыннан Ақтоғай ауылында КамАЗ автоцистернасының өртенгені туралы хабарлама келген. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.
Қауіпті аймақ қоршауға алынып, жақын маңдағы үйлердің 52 тұрғыны эвакуацияланды. Жанармай цистернасында 20 тонна жанармай болған, сондықтан цистернаның жарылу қаупі бар екені анықталды.
Өрт сағат 20:30-да сөндірілді. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
