Ауа райына байланысты бірнеше жолда көлік қозғалысы шектелді

“ҚазАвтоЖол” төрт облыста республикалық маңызы бар автожолдардың жеті учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілгенін мәлімдеді.

Ақмола облысында 1 учаске:
1.«Екатеринбург — Алматы» — 1292-1353 км, Жібек жолы ААП — Қарағанды обл. шек. дейін – 61 км.

Шектеу көліктің барлық түріне қолданылады.

Жетісу облысында 1 учаске:
1.«Үшарал-Достық» 84-184 км. Көктұма ст. — Достық ст. дейін – 100 км.

Шектеу көліктің барлық түріне қолданылады.

Қарағанды облысында 4 учаске:
1.«Екатеринбург — Алматы» 1505-1610 км. Новостройка ауылынан — Ақсу-Аюлы ауылына дейін – 105 км.
2. «Екатеринбург – Алматы, Солтүстік-Шығыс айналма жолы» 0-16 км. Пришахтинск а. — Новостройка а. – 16 км.
3.«Екатеринбург — Алматы» 1353-1426 км. Ақмола облысының шекарасынан — Теміртау ААП – 73 км.
4.«Қызылорда-Павлодар» 788-906 км. Ұлытау облысының шекарасынан — Топар ауылына дейін – 118 км.
Шектеу көліктің барлық түріне қолданылады.

Ұлытау облысында 1 учаске:
1.«Қызылорда-Павлодар» 756-788 км. Атасу ауылынан —
Қарағанды облысының шекарасына дейін.– 32 км.

Көліктің барлық түріне шектеу қолданылады.