Кейінгі тәулікте ел аумағында 111 өрт оқиғасы тіркелді

Төтенше жағдайлар министрлігі өткен аптаның есебін жариялады.

Өткен тәулікте еліміздің ТЖМ күштері 221 шақырту алған. Оның 111 -і өрт пен жану оқиғалары болса, 109-ы іздестіру, авариялық-құтқару және басқа да шаралар.

Бұл ретте 54 адам, құтқарылып, эвакуацияланған.

ТЖМ азаматтарды өрт қауіпсіздік шараларын сақтап, дауыл туралы ескертулерді, ауа райының өзгеруін, жолдардың жабылуы туралы хабарламаларды бақылап, алыс сапарларға шықпауға шақырады. Ауылдық жерлерде тұратын тұрғындарға ауа райы нашарлаған жағдайда алыс қашықтыққа жаяу жүруден бас тартуды ұсынамыз, — делінген хабарламада.