Биыл еліміздегі автопарктер 2,5 мың жаңа автобуспен толықты

Республиканың барлық өңірінде қоғамдық көлікте жол ақысын электрон түрде төлеуге көшу үрдісі аяқталды. Бұл туралы көлік министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Биыл өңірлерде қалалық автобустарды жаңартуға жеңілдікті лизиң тетігі іске қосылған болатын. Нәтижесінде автобус парктеріне 2,5 мың көлік, оның ішінде 774 экологиялық таза автобус жеткізілді. Бұл тозу деңгейін 13%-ке дейін төмендетті (46%-тен 33%-ке дейін).

Сонымен қатар жыл ішінде барлық өңірде қалалық автобустар электрон жол ақысын төлеуге көшті. Автобустарды онлайн режимде толық диспетчерлік сүйемелдеу аялдамаларға автобустар арасындағы ұзақтықты 20 минутқа дейін қысқартуға мүмкіндік берді. Алдағы уақытта бұл аралықты 15 минутқа дейін азайту міндеті тұр.

Айта кетейік, өткен жылдармен салыстырғанда жолаушылар саны 9%-ке артып, 1,5 миллиард жолаушы болды.