«Қазгидромет» РМК синоптиктері 28-30 желтоқсанда Қазақстанда ауа райы қандай болатынын жариялады.
Синоптиктердің мәліметінше, атлант циклоны Қазақстанның барлық аумағында ауа райына әсерін сақтап, жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашынды алып келеді. Сонымен қатар бұрқасын, көктайғақ, екпіні секундына 15-28 метр жел соғады, 29-30 желтоқсанда солтүстік және оңтүстік облыстарда секундына 30 метр және одан да көп болады.
30 желтоқсанда ауа температурасы түнде республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде және орталығында 7-15 градус аязға дейін, республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында 3-13 градус аязға дейін аздап төмендейді деп күтіледі, — делінген хабарламада.
