Қазақстанда ұялы байланыс операторларына қатысты тергеу басталды

Қазақстандағы ұялы байланыс операторларына қатысты тергеу басталды. Бұл туралы бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі хабарлады.

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі абоненттердің бағаны көтеру туралы өтініштерін қарау аясында биыл тарифтік жоспарлардың шарттары мен ұялы байланыс қызметтеріне бағаның өзгеру динамикасы талданғанын хабарлады.

2023 жылы ұялы байланыс операторларының тарифтік жоспарлары бойынша бағаның 7,7%-тен 57,3%-ке дейін айтарлықтай өсуі тіркелгені анықталды, — делінген хабарламада.

БҚДА мәліметінше, 2023 жылғы мамыр-шілде айлары аралығында ғана ұялы байланыс операторлары өздерінің ресми сайттарында ақпаратты жариялап, ай сайынғы абоненттік төлеммен 30-дан аса тарифтік жоспарда көрсетілетін қызметтердің құнын бірінен соң бірі көтерген.

Осыған байланысты, кәсіпкерлік кодекстің 199-бабының 3-тармағын ескере отырып, бір күнтізбелік жылда бәсекелестікке қарсы келісілген іс-әрекеттердің белгілерін қайта анықталуына байланысты агенттік кәсіпкерлік кодекстің 170-бабы бойынша қазіргі уақытта «Кселл» АҚ, «МТ–С» ЖШС (Tele2/Altel) және «Кар-Тел» ЖШС (Beeline) ұялы операторларына қатысты тергеп-тексеруді бастады, — делінген хабарламада.